Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек,
Тіл қатпаймын, естімес кереңге кеп.
Көре алмаған өңімде жақсылықты
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.
Керегі жоқ жағдайдың маған бөлек,
Қолтығымнан жүргендей анам демеп.
Таба аламаған өңімнен бақыт құсын,
Көп ұйықтадым түсімнен табам ба деп.
Көнереді, тіршілік жаңарады,
Сүйген жүрек, жан беріп, жан алады.
Көңілімнің кем-кетік жыртықтарын,
Қара жердің топырағы жамар әлі…
Жан-жүрегім сияқты менен бөлек,
Тербеткендей бесікке өлең бөлеп.
Балалығым сайраған туған жерді,
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.
Жалған дүние, не керек, жалған сабыр,
Ғұмырыма ғұмырлық жалғанса жыр.
Оянбайтын шығармын, Жарық күнім –
Осы ұйқыдан оятып алғанша бір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері