Қабағыңды қарама, түйіп маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қабағыңды қарама, түйіп маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 777
Қабағыңды қарама, түйіп маған,
(Бір көргеннен біреуді сүйіп қалам)
Махаббатсыз жамылған мұз көрпені,
Мұхиттаймын мәңгілік ұйықтаған.
Мен өзіңе сол үшін тұйық болам.
Күдікпенен жанымды жеңеді үміт,
Көңіл күйін шертпейсің, неге біліп?
Ерімеймін көгімнен күн түсіріп,
Келмесең сен мұзжарғыш кеме мініп,
Кемесіз сол, күтпеші менен үміт...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері