Жұлдызыңды жандырып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жұлдызыңды жандырып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Жұлдызыңды жандырып,
Алып қалғым келеді.
Құшағыңда мәңгілік,
Қалып қалғым келеді.
Жүректің жеңіп құйынын,
Жырлап қонғым келеді.
Шеше алмайтын түйінін,
Жұмбақ болғым келеді.
Тас бұлақтай қарғыған,
Тынбай аққым келеді.
Көзіңдегі қалғыған,
Түнді оятқым келеді.
Түнмен бірге білмеймін
Кімді оятқым келеді?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері