Ерке елік – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ерке елік» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 844
Елеңдеп арман елігім,
Басында бұлақ жүр едің.
Айналып сүйді сені Күн,
Сезді ме, соны жүрегің?
Еркелеп мынау әлемге,
Толқындар күлді сыңғырлап.
Жұлдыздар ұқсап өлеңге,
Төгілді сәуле сырды ұрлап.
Жанары түндей ай жігіт,
Қалады неге, қаймығып?
Шашбаулы сағым-бұрымнан,
Қаламын демей айрылып.
Елігі еркін даланың,
Елігі толқын, бұлақтың,
Жалт еткен үркек жанарың,
Есте қап, ессіз ұнаттым.
Есімнен кетпей елік қыз,
Жүректі жұлдыз жылаттым.
Көңілім сенсіз көріксіз,
Келмейді түспен жұбатқым.
Елік – қыз, тұнық әлемім,
Армандап бақыт әуенін.
Сыңғырлы, сырлы бұлақтың,
Ішінен шыққан әдемі үн.
Қайда, сол қайда әлемім?
Елігі еркін даланың,
Елігі ерке бұлақтың.
Жаудырап жұлдыз жанарың,
Жалт етіп неге қарадың?
Қарауға қимай барамын.
Елігі ерке бұлақтың,
Кетпеші ұзап, жырақ тым.
Жалт етіп жанды жылаттың,
Жылатпай мені жұбатқын.
Мекенің жасыл қырат-қыр,
Кеудеңде толқып бұлақ сыр.
Шайқалмай, тұрған айта алмай,
Көзіңде нендей сұрақ тұр?
Жауапсыз жаның жылап тұр.
Жауапсыз жаным жылап тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерке елік өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ерке елік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерке елік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерке елік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері