Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған,
Тарихтай құпиясын жасырмаған.
Осынау аспанымнан әлі де бір,
Жұлдызым бар сияқты ашылмаған.
Жасыл тау, жасыл өлке, жасыл ғалам,
Арманым бар, іске әлі асырмаған.
Көздегі таң шығындай үмітімнің,
Бір гүлі бар сияқты ашылмаған.
Мөп мөлдір елестетер шық бейнені,
Шық бейнеге, аманат жүктейді елі.
Мен уақытты күткенмен келмейді деп,
Уақыт өтіп барады күтпей мені.
Асықтырып батқан кеш, ақ таңыма,
Қабағыңа қарамай жоқ, барыңа.
Кешіп өтер сәулелі жарық дүние,
Сурет салып миымның қатпарына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері