Таңғы күн – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Таңғы күн» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Айтар едім айқайлап тыңдаса мен,
Бүгін туған баламен құрдас әлем.
Таңғы аспаннан жарқырап күліп шыққан,
Алдыменен берейін күнге сәлем.
Бесік болып тербесін, тербесе әлем,
Өмірімді емдесін емдесе өлең.
Көкірегі кең болған бір ел анасы
Екінші рет берейін жерге сәлем.
Жерім менің жастығым, көп аңсаған,
Жер көнермес, көнерер көнерсе адам.
Арманыма асығып әр таң сайын,
Жолдаймын мен, туған ел, сәлем саған.
Таңғы күнге жүзімді жиі өптіріп,
Сезімімді тіліме тиек қылып,
Көктесем ғой шынардай, асқар шыңның
Көкірегіне басымды сүйеп тұрып.
Тіршіліктің таратып ән-күйлерін,
Кеш батқанда жұлдыздай қалғиды елім.
Таңғы күнмен әлемді сәби етіп,
Анасындай келеді әлдилегім.
Көкірегімде туласын, туласа өлең,
Жұлдыздармен болады сырлас әлем.
Аман-есен қуанып көргеніме,
Беру үшін асығып күнге сәлем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы күн өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Таңғы күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері