Ана туралы баллада – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ана туралы баллада» атты Қанипа Бұғыбаева жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1873
(Халық аңызы бойынша)

Ана жүрек айналса ұлы тұлғаға,
Ана ішінде болар кейде түрлі ана.
Екі абысын тату өмір сүріпті,
Ортасында болған екен бір бала...
Қос шаңырақ қуанышқа кенеліп,
Көкірегін қос ананың тел еміп.
Өсе берді, өсе берлі нәресте
Күн шуақты мейірімге бөленіп.
Қос шаңырақ, базары мен думанын,
(Бұзатұғын білмеді алда күн барын)
Төрт жыл өтті, білмей өсе беріпті
Сол бір бала қайсы әйелден туғанын.
Өсті бала екеуін де шешем деп,
Ойламаған басқаша өмір кешем деп.
Ойда жоқта жатты бір үй жиналып,
Отағасы басқа жаққа көшем деп...
Батылданып берер бұған кім баға,
Менің балам деп айта алмай тұрды ана.
Екі әйелге кезек-кезек жүгіріп –
Ортасында шырылдайды бұл бала.
Жұрттың көзі қарап қапты мұңдана,
Шынында да қайсысы екен туған, ә?
Арбасады, екі жүрек таласып,
«Менікі» деп, «менікі» деп бұл бала!
Таласқа бұл үндей алмай тұрыпты ел,
Таразыға түсіп шындық күдікпен.
Даусымызды шешіп бер деп екі әйел
Биге барып жүгініпті үмітпен.
Шын анасын түрінен кім таниды,
Менменшіл ой жүйкелерді жаниды.
Бір-бірінен жұлқылайды қызғанып,
Сен емессің мен туғам, - деп, - сәбиді...
Ешкімнен де сұрамастан кешірім,
Біліп алып жас баланың есімін.
Екі әйелдің тыңдап болып таласын,
Айлалы би шығарыпты өз шешімін.
Бір төбеге жұрт таңырқап жиылды,
Биден әділ сөз естуге түйінді.
«Таластырмай бір баланы екіге –
Бөліп бер» - деп жендеттерге бұйырды!...
Биден кейін іле шала сөз алып,
(Әйел шықты озбыр көзді, өзі арық).
Бөлсе бөлсін, деп баланы бүлк етпей
Жұрт алдында тұрып алды сазарып...
Танымаса танымасын анам деп,
Жүрсе болды жер бетінде аман боп, -
Деп бір әйел, ара түсті шырылдап,
«Бұл баланы бөлмей бүтін сен ал» деп.
Тайталасып тұрған үміт, күдікпен,
Теңселгендей болды сол сәт тұнық көл.
Шырылдаған сорлы ананың даусынан
Сол баланы кім туғанын біліпті ел.
Күн нұрындай мейірім бар өңінде,
Анаң жалғыз болады екен өмірде.
Ол баласын қиса-дағы өзгеге
Ол баласын қимайды екен өлімге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана туралы баллада өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ана туралы баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана туралы баллада өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана туралы баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері