Ауысып шуағы мен ашуы әлі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ауысып шуағы мен ашуы әлі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Ауысып шуағы мен ашуы әлі,
Тербелтіп бар өмірін ғашық әні.
Бойынан бұл әйелдің сан қасиет,
Ана болу арқылы ашылады.
Тірлікте талай сынға кезігесің,
Жол жүгі жүктелгендей өзіңе шын.
Қадырын тыныштықтың, ләззаттың
Ана болу арқылы сезінесің.
Табаласын, мейлі кім, бағаласын,
Баласыз сынық қанат шағаласың.
Көкірегіңнен мейірім күн шуағын,
Ана болу арқылы төге аласың.
Алмасып қыс пен жазың, көктемің де,
Бала үшін тыным, сабыр жоқ көңілде.
Үстінде қарлығаштай шыр-шыр етіп,
Сезбейсің өміріңнің өткенін де.
Бала үшін тұла бойды бұлақ етем,
Жолдағы бейнетіне шыдап өтем.
Оянған бір балаға махаббатың,
Жалғасып бар әлемге тұрады екен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауысып шуағы мен ашуы әлі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ауысып шуағы мен ашуы әлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауысып шуағы мен ашуы әлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауысып шуағы мен ашуы әлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері