Жел болып маңдайымнан неге еспедің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жел болып маңдайымнан неге еспедің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Жел болып маңдайымнан неге еспедің,
Неге еспедің, айналды елеске мұң.
Көздерім суретіңе жиек болып,
Ұзақ түн ұйқым келер емес менің.
Жанымды неге осынша мазаладың,
Тергедім, өзімді-өзім жазаладым.
Ұзақ түн ұйқым келер емес тегі,
Қалайша бұл азапқа төзе аламын.
Бұл көңіл тағы нені, нені іздейді?
Нені іздейді, еш сыбыс сезілмейді.
Тереземнен таң еніп келе жатыр,
Суретіңді көруге көзімдегі.
Суретіңді көруге қарашықтан,
Тереземнен енеді таласып таң.
Сенің бейнең өтеді елес беріп,
Кірпігімнен үзілген дара шықтан.
Күн шықты қағып күміс қанатын жай,
Кешігіп бір нәрседен қалатындай.
Сезінем – көзімді ілсем, ішіндегі
Жоғалтып өз бейнеңді алатындай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел болып маңдайымнан неге еспедің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жел болып маңдайымнан неге еспедің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел болып маңдайымнан неге еспедің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел болып маңдайымнан неге еспедің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері