Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін

Бұл бетте «Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін,
Жайнап тұрып солғандай көңіл гүлім.
Жаяу шамдай, бір өшіп, бір жанамын,
Өшірер ме жел үрлеп, өмір күнін.
Өмірімнің бақытты санап таңын,
Жапырақтай желге ұшты қанатты әнім.
Елегізем, бір жақсы хабар күтіп,
Қалғандай-ақ санаулы сағаттарым.
Көңіліме ашық күн көктем керек,
Көктем мені лебімен өткен демеп.
Улап жатыр жанымды неше түрлі,
Жер бетінен ызыңдап жеткен дерек.
Көңілдегі ғашықпын көктемге бар,
Көктем күйі, арманға өткел болар.
Ұйықтатпайды миымды уақыттың-
Қойнауынан қаралы жеткен хабар.
Ізім түскен қол бұлғап белестен күн,
Нені ескермей, білмеймін нені ескердім.
Өмір сүріп көз ілем арасында
Таныс қиял, тағдырлы елестердің.
Сезгенімді, көз көріп, өлең еттім,
Уақыт берді жер атты кемеге екпін.
Шулы орман, улы ауа, улы гүлден –
Нәр алып, ұшып-қонған көбелекпін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырмайтын жерім жоқ менің бүгін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері