Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Тірлікте пенде бар ма мұңсыз өткен,
Мұңсыздық, бір басыңды құнсыз еткен.
Сағаттай соғып тұрып тоқтап қалған,
Жырсыз өткен күндерім, үнсіз өткен!..
Өтеді кейбір күннің мысы басып,
Сезімнен кеуде керген, күшім асып.
Жаумаған сұрағанда жаңбырдайын,
Тұрады өткен күнге ішім ашып...
Сан күйге жан болған соң кезігесің,
Бұл өмір ыстық тартар көзіңе шын.
Алдында уақыттың үнсіз жүрсең,
Өзіңді кінәлідей сезінесің.
Жанартау жырлар қайда, атылатын,
Қайнатып асылдарын сапыратын.
Сезімді селт еткізбей, тек әйтеуір,
Жүрмейін бұлдап жұртқа ақын атын!..
Тірлікте пенде бар ма,
Мұңсыз өткен,
Мұңсыздық бір басыңды құнсыз еткен.
Жансыз бұлақ секілді ақпай қалған,
Жырсыз өткен күндерім, үнсіз өткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері