Жүрек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүрек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Кезі жоқ бір шабыстан болдыратын,
Байқасаң жүрек деген ол бір ақын.
Емес пе осы жүрек қасиетті,
Бойыңды қыздыратын, тоңдыратын.
Әнеки, жатыр қанша артта белес,
Ол бізді есіне алып жоқтар емес.
Келмейді күшім әсте паршалауға,
Өйткені жүрек маған көкпар емес.
Бұл жүрек осы өмірмен егіз мәңгі,
Жол біреу,
жол үстінде көп із қалды.
Адам бар,
сол адамда жүректер бар,
Көбі отты
болғанымен, көбі ызғарлы.
Бұл уақыт жас жаныма от қаласын,
Басқаның бақытына жоқ таласым.
Осы бір жүрегіммен сырт-сырт соғып,
Сағаты өмірімнің тоқтамасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері