Бір досым бар

Бұл бетте «Бір досым бар» атты Мырзабергентегі Берекет Нағашыбайұлы жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бір досым бар,
Аңғал өзі, аңқылдақ,
Күтіп алар барсам мені жалпылдап.
Бір досым бар,
Мені елге сөз етер,
Өз ісіне, өзі күлер қарқылдап.

Бір досым бар,
Ұяң өзі тартыншақ,
Желмен бірге, ұшып кетердей қалбыршақ.
Бір досым бар,
Ойнап күліп бірге өскен,
Оныменен қызықты еді балғыншақ.

Бір досым бар,
Адамзатты сүйетін,
Махаббатқа шыдап төзіп күйетін.
Бір досым бар,
Тұрақсыздау көңілі,
Бірде байлық, бірде мансап сүйетін.

Бір досым бар,
Ең жақыны көретін,
Аш қалғанда, нанды бірге бөлетін.
Бір досым бар,
Әркез мені қолдайтын,
Биіктерге шығарыма сенетін.

Бір досым бар,
Бет пердемен танылған,
Сынақ келсе, құлай кетіп жалынған.
Бір досым бар,
Ойын ойнап азатын,
Құмар ойын атауымен салынған.

Бір досым бар,
Шекпейтінде ішпейтін,
Басты байлық білім және күш дейтін.
Бір досым бар,
Күші асқан толағай,
Адамдарды менсінбейтін, піш дейтін.

Бір досым бар,
Иман жүзді, арайлы,
Болашаққа сенімменен қарайды.
Бір досым бар,
Билікке тым жақындау,
Керек етсе табанында жалайды.

Бір досым бар,
Бір досым бар ағайын,
Қалай оны есіркемей қалайын?
Мен дегенде жанын берер досым бар,
Жалған достың көріп жүрміз талайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір досым бар өлеңінің авторы кім?

Мырзабергентегі Берекет Нағашыбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Бір досым бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір досым бар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір досым бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер