My heart’s in the Highlands . Robert Burns Менің жүрегім биік шыңдарда. Роберт Бернес аударма
Менің жүрегім биік шыңдарда. Роберт Бернетс аударма
I нұсқа
Менің жүрегім биік шыңдарда ,емеспін мен мұнда
Менің жүрегім биік шыңдарда , ұшатын бұғыларда
Бұғыларды қуамын, еліктерді үркітем,
Менің жүрегім биік шыңдарда, мен қайда болсам да.
Хош бол менің отаным. Хош бол солтүстігім.
Ерліктің туған жері, даңқты,
Іздеймін жарық әлемнен тағдырымды,
Білдіремін шексіз махаббатымды.
Хош болыңдар, қар жапқан тауларым.
Хош болыңдар, ну қалың орманым.
Хош болыңдар, толқындар мен ағымдар,
Хош болыңдар, жасыл менің алқабым
Менің жүрегім биік шыңдарда ,емеспін мен мұнда
Менің жүрегім, ұшатын бұғыларда
Бұғыларды қуамын, еліктерді үркітем,
Менің жүрегім биік шыңдарда, мен қайда болсам да.
II нұсқа
Менің жүрегім биік шыңдарда ... Мен сондамын
Жартастағы бұғының ізімен мен ұшамын
Бұғыларды қуамын, еліктерді үркітем,
Менің жүрегім биік шыңдарда ,ал өзім төмендемін
Хош бол менің отаным. Хош бол солтүстік.
Ерліктің туған жері, қадірлі ел ,даңқты
Бұл таулардың елі, мәңгіге ғашық қылды.
Қайда жүрсем де, адассам да
Мәңгілік ұлың боп қалуға, мені жаратты.
Хош болыңдар, қар жапқан тауларым.
Хош болыңдар нулы да ,шулы орманым
Хош болыңдар, шабындық беткейлерім,
Хош болыңдар, тұңғиыққа құлаған ағымдарым,
Менің жүрегім биік шыңдарда ... Мен сондамын
Жартастағы бұғының ізімен мен ұшамын
Бұғыларды қуамын, еліктерді үркітем
Менің жүрегім биік шыңдарда, ал өзім төмендемін
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі