Батыр Бауыржан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Батыр Бауыржан» атты Абдрахман Асылбек жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 1
  • 14561
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Кеудесінде керемет күш, намысы,
Алыс кеткен атағы мен дауысы.
Бауыржандай батыр ұлдар – мақтаныш,
Қазағымның қайталанбас арысы.

Қайырмасы:
Ер Бауыржан халықтың жүрегінде,
Ер Бауыржан халықтың тілегінде.
Ер Бауыржан тарихтың тірегінде,
Ер Бауыржан өлмейді бұл өмірде.

Түсірмек боп құлдық бұғау-қақпанға,
Елімізге ентелей жау шапқанда,
Қазағымның қаһарманы Бауыржан
Топты бастап, тас түйін боп аттанған.

Қайырмасы:

Бауыржанның асқақ айбар, ақылы,
Мадақтаған алыс пенен жақыны.
Жасай берер ғасырлардан ғасырға
Қазағымның қайталанбас батыры.


Пікірлер (1)

Аяна

Керемет, сөзі оңай және аз, Б. Момышұлыны еске алдырады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыр Бауыржан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Батыр Бауыржан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыр Бауыржан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Батыр Бауыржан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері