Күлімдеймін – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Күлімдеймін» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күлімдеймін.
Мен жылағым келгенде.
Күлімдеймін. Сен көкірек кергенде.
Көп адамдар елемейді ау əйелдің,
Жойқын күшін, нəзіктікті көргенде.
Ер азамат. Сындырғанша исеңде,
Мейлі мені сүймесең де сүйсең де
Күлімдеймін, күліп тұрып жеңемін,
Тəңір желін, таяқ болып тисең де.
Күлім көзім, көп жағдайды жасырған,
Темір төзім, жанға серік жасымнан.
Өкінсем де орны толмас күндерге,
Бақ таймасын деп тілеймін басымнан.
Көңіл - күзге орныққанмен жабығып
Өмір сүрем, Тағдыр - күшке бағынып.
Сынақ қанша сындырса да сағымды,
КҮЛІМДЕЙМІН, күннен моншақ тағынып.
Алтынай Алиева
05.03.2016ж.
#жүректегіжазбалар


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлімдеймін өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Күлімдеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлімдеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлімдеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері