Бауыржан батыр – Жұмаш Сомжүреков

Бұл бетте «Бауыржан батыр» атты Жұмаш Сомжүреков жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 554
Ер серті

Жау шапты.
Күн туды ауыр ел басына.
Күн туды, салмақ түсер ер басына.
Бір емес, екі сойқан соғыс шығып,
Жиырмасыншы айналды кер ғасырға.
Жүрген ек кеше ғана жайраң қағып,
Сан қала жатыр бүгін ойрандалып.
Енді-енді есін жиып келе жатқан,
Аранға тағы түстің қайран халық.
Біз бе екен жасқанатын жаудан қашып,
Көрелік күш сынасып майданда ашық.
Бір апта жүздеспесек жылдай болар,
Хош махаббат, сүйген жар, қайран ғашық.
Өзіңді қорғай алсам, қалған елім,
Одан өзге арманым бар ма менің.
Жауға аттанып барамын, бер батаңды
Ерке өскен, еркін өскен ардаң едім.
Хош туған жер, хош елім, жайсаң далам,
Белгілі аманатың айтар маған.
Фашизмнің ордасын ойран етіп,
Кек қайырмай оралмас қайсар балаң.
Жеңістің көппен көріп асық таңын,
Үміт зор, оралармын асып бағым.
Шайқастарда жан беріп, жан алысқан,
Қайыспан қалғанша бір қасық қаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауыржан батыр өлеңінің авторы кім?

Жұмаш Сомжүреков — осы өлеңнің авторы.

Бауыржан батыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауыржан батыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бауыржан батыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері