Жасадың жасауыңды жақұт жырдан – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Жасадың жасауыңды жақұт жырдан» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 968
Апа емес, аға деуім жарасады,
Орныңа қай азамат таласады?!
Ұлым деп, ұрты толып, сүйер сені,
Қазақтың қасиетті қара шалы.
Қыз емес, қызы десем жарасады,
Халқыңа жырдан соқтың тамашаны.
Киелі кимешекті әжелерің -
Кідірсең,
Сапарыңа бал ашады.
Ал, енді ашыл десең ашылайын,
Жаныма батушы еді — осы уайым.
Інің болып,
тынысың бола алмаған
кездерімді несіне жасырайын!
Күн сайын асқақтаған алып тұлғаң,
Қазақтың қызы едің ғой жанып туған.
Азамат боп
атыңды ерттемеген...
Ақымақ мен екенмін барып тұрған.
Алдынан тектілердің кеспеп едім,
Содан ба, тексіз болып өспегенім:
Ұстарадай жүзіңе тік қарауға,
Сенесің бе,
Әлі де сескенемін.
Мөп-мөлдір жанарыңнан мұңды көрем,
Мөлдіреп мұншалықты тұнды неден?
Сұмдық-ай!..
Сұсыңыз баспаса ғой,
Мұқағали арнар ма сұмдық өлең!
Мұқаң жырын мұқият таратқанда,
Тарайтын шұғыла бар таң атқанда.
«Алдына пендесі көп мұңын шаққан»
Апатай, айналдың ба жаратқанға?
Еліңнен тапқандықтан жанашырды,
Елуде еншіледің дара шыңды.
Анасы ақын қызын туғандықтан —
Қазақтың өлеңінің бағы ашылды.
Батагөй баласы едік біз атаның,
қызғыштай қорғап өскен қыз атағын.
Жасадың жасауыңды —
Жақұт жырдан
Жасқанбай болашаққа ұзатамын...
Болашақтың есігі жабылмайды,
Төре жырың төріне адымдайды...
Жүзге кел!
Жамбылдың жапырақтай —
жалғыз қызы...
Өзің деп қабылдайды.

Атырау. 1989 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасадың жасауыңды жақұт жырдан өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Жасадың жасауыңды жақұт жырдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасадың жасауыңды жақұт жырдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасадың жасауыңды жақұт жырдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері