Ауруханада – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Ауруханада» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Мұң қылады бірі-аяқ , бірі-басын,
Ауырсаң ауру жайын ұғынасың.
«Жақсы сөз- жарым ырыс» дегендейін
Тілейді лебіздің шұғыласын…
Жұқарып жүйкесі мен жан сабыры,
Шағылады қайраты , қанша қыры.
Қабағынан қар жауып отырады
Қатардың хабарласпай қалса бірі.
Ондай кезде
Қайрап ап қам көңілді,
Өрге айдайды өзімшіл нар көңілді.
«Жетісті» деп , көзіме бір көрінбей
Жеті атадан жіберер… әлдекімді.
Ыстық пейіл , басқаға , өзіне ме,
Біледі олар түйсіне, сезіне де.
Ашуланса жаралы жолбарыстай
Тік қарайды дәрігер көзіне де…
Ширығып қалады олар шырай көрсе,
Іштен-дәрі, сырттан-сөз сылай берсе.
Сауығып тез салтанат құратындай
Саулығын сау адамдар сұрай келсе.
Жалғыз-ақ,
Өлгендер хал сұраспайды,
Тірлікте кісі есігін кім ашпайды.
Оған келген кесапат саған келер
Құдай менің сөзімді растайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауруханада өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Ауруханада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауруханада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауруханада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері