Қаздандаған қаламымның ізінен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 891
Қаздандаған қаламымның ізінен,
Қаз-қаз басып жыр тұрса.
Құп-қу болған қағазымның жүзіне,
Қан жүгіріп, құлпырса.

Құмырсқадай құжынаған қара өлең,
Қаламымды қаумаласа, қаптаса.
Қарақшыдан қашқан жандай даламен,
Қан сорпа боп қалам тыным таппаса.

Олай қашса, бұлай қашса бұлтақтап,
Тығылатын жер таба алмай жалғаннан.
Қуған сайын құжынаса жыр қаптап,
Ойхой, шіркін!
Одан өткен бар ма Арман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаздандаған қаламымның ізінен өлеңінің авторы кім?

Серік Томанов — осы өлеңнің авторы.

Қаздандаған қаламымның ізінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қаздандаған қаламымның ізінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Томанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаздандаған қаламымның ізінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері