Көрінбей кеттің – Айжарық Абылқасымов

Бұл бетте «Көрінбей кеттің» атты Айжарық Абылқасымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1681
Құстарды көрсем құса боп қалам күнде мен
Несі кетер екен, жеткізсе сәлем шын менен.
Енді ұқтым жаным қос қанат менде болмапты,
Бәсе, сол екен жетпеуші-ақ еді бірдемем.

Ойлағам сені іздейін деп барлық тұстардан
Бағынбай кетті сабырға соңы күшті арман.
Ажары қайтқан жаз айы қандай көңілсіз,
Жеп жатыр ішті бір сәби сезім тіс жарған.

Қай жақта жүрсің, айтпады құрығыр самал да,
Ақжауын нағып қатыгез болған әманда.
Осы бір жаным жүрсің бе көріп бұлттарды,
Жап-жақын барып жүретін саған, маған да.

Лайсаң көше өзгертіп алды өз өңін
Өртеніп тұр ғой от ауа жұтып өзегім.
Білдірмей мынау тұрғанмен мылқау дүние,
Бір жерде жүрсің сен мені күтіп, сеземін.

Көрінбей кеттің көшкіннің мынау ішінен
Жүрмісің әлде болмайтын тірлік ісімен.
Махаббат суы төгіліп жатыр көзімнен,
Жүрек қой тентек, жуынып жатқан, түсінем.

Көрінбей кеттің жылдарды тіпті еншілеп
Қызық бір уақыт ойлантып қойды көрші кеп.
Сыздайды дүние сары-ала жолды сапырып,
Тамшылап жатыр күйдіріп жанды сан шүмек…
Кімге айтам енді өзіңді ертіп келші деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрінбей кеттің өлеңінің авторы кім?

Айжарық Абылқасымов — осы өлеңнің авторы.

Көрінбей кеттің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрінбей кеттің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжарық Абылқасымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрінбей кеттің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері