Айтылып адамзаттың ортақ әні – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Айтылып адамзаттың ортақ әні» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Айтылып адамзаттың ортақ әні,
Қамажай күндер келді қарқаралы.
Құбылған жәрмеңкелі бұл ғаламның
Ашылды ұланғайыр жарты аралы.
Ағылған адамдардың легіменен,
Алтын түс қарашаның лебіменен,
Уыстап маржан түсті жапырақты,
Шашамын жырдан шашу көбіне мен.
Ғаламның ашылғанда жарты аралы,
Шайқалды шаттығымның шартарабы.
Ертеңге мұң-мұқтажын айтпаса екен
Адамзат орындалып бар талабы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері