Жүрегім, есітемісің, жыл келеді – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жүрегім, есітемісің, жыл келеді» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 753
Жүрегім, есітемісің, жыл келеді,
Толқудан тілім менің күрмеледі.
Есікті аш, қабылдап ал, төрге отырғыз,
Бақыт пен қуанышты іргедегі.
Ұзақ жол шақыра ма алыстарға,
Қол бұлға жағалауда таныстарға.
Кім білсін, адымы кең әз арманым
Ай болып тұрған шығар ғарыштарда.
Терезе перделері тербеледі,
Тербелсе, жанға жұмсақ жел келеді,
Бір нәрсе күтем ылғи, неге екенін,
Қанатын қарлығаштар сермегелі.
Тосамын әлдекімді, әлденені,
Бой түзеп салтанатым сәнденеді.
Тырналар тырауласа көк жүзінде,
Кеудеме сазсырнайлы ән келеді.
Төрлет, жыл! Тұрсын көктен төбең асып,
Төбелер теңселеді көде басып.
Жаңа жыл жаңа өмірге қарайлаған,
Жүрегі жасаң тартып көне ғашық.
Жүрегім, қартайма да, қарайлама,
Сөнетін көкжиекте арай ғана.
Арналы ағылыстан шағылысқан
Шалқыған шартарап тұр шарайнада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім, есітемісің, жыл келеді өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім, есітемісің, жыл келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім, есітемісің, жыл келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім, есітемісің, жыл келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері