Есігіңді ашып қой – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Есігіңді ашып қой» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 773
Есігіңді ашып қой,
Күз боп бір күн келем мен,
Жапырақ боп құйылатын өлеңмен.
Тыныштық боп,
Мүлгіп-мүлгіп жатам да,
Тырна болып тыраулаймын төбеңнен.
Босағаңды бөтен біреу көрмесін,
Жаппа гүлді терезеңнің пердесін.
Менің ғашық үнімді тап, аяулым,
Сипала да күйсандықтың пернесін.
Таң асығып жетер саған арайлы,
Гүл ішінен көзім саған қарайды.
Өзіңе деп айтылмаған сөздерім
Күннің алтын сәулесі боп тарайды.
Сәулем, сенде бар ма сол бір шарайна,
Қарашы оған, өңің толар арайға.
Менің демім шарайнада тұрады,
Тек өзің біл, ешкімге айтпа, жарай ма?
Жолға шықсаң, бар сапардан келші аман,
Құшағыма қызғалдақпен енші әман.
Күрсінісін ұмыттырам кеудеңнің,
Күреңіткен күз боп келіп мен саған.
Қалықтаған таң боп бір күн келем мен,
Шалықтаған нұрдан жаңбыр себем мен.
Жұпар бақта сен құс жолын іздесең,
Төніп тұрам жұлдыз болып төбеңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есігіңді ашып қой өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Есігіңді ашып қой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есігіңді ашып қой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есігіңді ашып қой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері