Бұлақтарым үн құсап – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бұлақтарым үн құсап» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 722
Бұлақтарым үн құсап
Күмбірледі.
Бұраң қағып жолдарым
Жүрдім деді.
Жол мен бұлақ,
Күтіңдер үміт үзбей,
Мен сендерге оралам
Бір күндері.
Жусандары даланың
Бұрқыраған,
Бұрқыраумен тұрса ғой
Шіркін, әман!
Ұнап қалды
Ғажайып дүниенің
Жарқыраған ғажайып
Тұрқы маған.
Тырна біткен
Келдім деп тыраулаған,
Өзен толқып ағады
Сыр аулаған.
Мені тастап кеттің де,
Ұмыттың... деп,
Бала күнім жәутеңдеп
Тұр ауладан.
Ай сәулесі дірілдеп,
Толқып ағып,
Арық біткен сылдырап,
Шолпы қағып,
Бір жақсылық хабарды
Жеткізуге
Асығумен барады
Қалқыма бұлт.
Бір-бірімен өтеді
Жарысып той,
Бал татыған қымыздан
Ал, ішіп қой.
Адамзаттың ардақтар
Асыл айы
Көктем осы болады,
Танысып қой!
Жасыл жаңбыр жауады
Дүркін-дүркін,
Жаңбыр жауса ашылар
Көңіл шіркін!
Кемпірқосақ секілді
Мың құбылған
Бұл дәурен де басыңнан
Өтер бір күн.
Кеме қалқып барады
Сызықпенен.
Пойыз зулап барады
Қызықпенен.
Жылдар жүйткіп ағады
Желге айналып,
Қауырсынын мезгілдің
Үзіп менен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлақтарым үн құсап өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Бұлақтарым үн құсап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлақтарым үн құсап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлақтарым үн құсап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері