Гүл – қыздар

Бұл бетте «Гүл – қыздар» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 979
Жалындаған жас қыздар,
Жастығына мас қыздар.
Сендер жүрген жерлерден
Мұң ығысып, қашты ызғар.
Сұлусыңдар, дүрсіңдер,
Үлбіреген гүлсіңдер.
Жайлауында жастықтың
Сайран құрып жүрсіңдер.
Күнге жайып қанатын,
Өрт қызыл боп жанатын.
Қызғалдақтай қыз-ғұмыр
Аз күн сайран салатын.
Жүректерің жалын ғой,
Өртенетін шағың ғой.
Өмір жайлы жиірек
Мазаласын жаныңды ой.
Аспан әсем – Күнімен,
Құс – әуезді үнімен...
Көктем ашар ажарын.
Алуан түрлі гүлімен.
Дүние сұлу – таңымен,
Қыс әдемі – қарымен.
Өмір қызық адамға
Перзентімен, жарымен.
Жалқы жүріп өтпеңдер!
Көбейіңдер, көктеңдер!
Жастық шақтан кеткенмен,
Гүл – көктемнен кетпеңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл – қыздар өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Гүл – қыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл – қыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл – қыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері