Бауырластық қағидасы

Бұл бетте «Бауырластық қағидасы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1262
(аударма)

Шығыстағы Бұхарада
әмір тақтан ұшқанда,
Орыс аға мейіріммен
жол көрсетіп түсті алға.
Қышлақта сонда естідік
елең етіп тың үнге,
«Еркіндік», «нан» — екі сөзді
алғаш орыс тілінде.
Ата-анам да таныды алғаш
Россия дауысын,
Таныды алғаш әлемдегі дүниенің
ағысын.
Горький айтқан ұлы сөздің
келді сонда шындығы,
«Адам» аты Айдан асып,
аялады күн нұры.
Фрунзе айтты Ленинге:
ел бақытты бұл жерде,
Қызыл тулар аясында
Бұхара еркін гүлдеуде.
Біледі ұрпақ сол сөздерден
Салтанат та басталған,
Сол сөздерден жүректерде
ұялаған жақсы арман.
Біз орысша оқыдық та
ұлылардың ғылымын,
Аштық кілтін әлемдегі
құпиялар сырының,
Осы тілмен біз үйрендік
ілімдердің мол нәрін,
Біз оқыдық Маркс пенен
Лениннің томдарын.
Пушкиннің таудан аққан
ақ бұлақтай жырларын,
Чайковский әуенінің,
сұлу, әрі мұңды әнін,
Нева үстінде күркіреген
«Аврора» дабылын —
Бәрін-бәрін осы тілде
естідім де, таныдым.
Егер әлем көрсе бүгін
бақытты атқан таңымды,
Егер біздің Жамбыл ақын
ұлы атанса дарынды,
Өзбекстан құлпырса егер
гүл бағындай шексіз кең,
Орыс тілі, сенсің бізді
биіктерге жеткізген.
Естігенде «бостандықтай»
жалғыз сөзді ел бүгін,
Барлық әлем армандайды
бақыт пенен теңдігін,
Француз бен негр, индус
аңсайды атар таң жайлы.
Осы бір сөз жүректерде
гауһар тастай жайнайды,
Париж, Берлин, Варшава да
құлақ түрді қуанып,
Сені естуге, орыс тілі,
әлемдегі бір алып,
Ол үн біздің Москваның
асқақтаған үні еді:
«Менің халқым — әлемдегі
бостандықтың тірегі».
Осы тілмен бүл емірде
туған едік қайта біз,
Ұлы істердің табысын да
осы тілде айтамыз.
Туысқандық қағидасын
осы тілде табамыз,
Достыққа да үйрететін
Россия анамыз.
Россия! Тәжікстан
өз ұлыңдай мақтанып,
Өзіңді әр кез дәріптейді,
жыр етеді шаттанып.
Өзіңменен қатар басып
көреміз біз нұрларды,
Біздің ана тілімізде жырлап асқар тұлғаңды.

МЫРЗА ТҰРСЫН-ЗАДЕ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырластық қағидасы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бауырластық қағидасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырластық қағидасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырластық қағидасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері