Әлемнің асылы – бала
Деген бар қуаныштан бас айналу,
Жақсылық түбі тойға бұл ұласу.
Баланың қызығын көру үлкен бақыт,
Сол тойда төбе көкке жетіп жүру.
Әлемнің асылы да бала ма екен,
Қымбат қой сөз жанұя деген.
Әркімге бұйыртсын бұл бақытты,
Тек көңілге қуаныш сыйласыншы.
Немере өміріңнің жалғасы бұл,
Бәйгіден озып келген бір дүл-дүл.
Иіскесең жұпар иісі аңқиды –ау,
Көңіл –күйді көтеретін қасиетті гүл.
Шөбере сүйгенде боласың на седьмом небе,
Керемет, ғажап деген осы емес пе?
Be walking on air дейді ғой ағылшындар.
Жақсылық аспанда қалықтап ұшып жүрсе.
Қуанышқа ортамыз тола берсін,
Өмірдің жақсылығы бола берсін.
Әлемді билеген" бақыт" деген,
Әдемі, сұлу сөздер жасай берсін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі