Қызғаныштың қалқаны – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қызғаныштың қалқаны» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1551
(аударма)

Бір дерт бар дүниеде сақтанатын,
қырқатын қыршынынан бақ қанатын.
Қызғаныш – оның аты,
шалдыққанның
жүрегі қараулықпен тапталатын.
Өмірде орындалмай тілектерің,
мақсатсыз сандалудан жүдеп пе едің;
жеткізбей арман кетсе адастырып,
жат болып мөлдір сезім, дір еткен үн.
Қызғаныш шашар сонда запыранын
сүліктей сорып жанның ақыл, арын;
қараулық, қатыгездік бойыңды алып,
темірге айналасың таты қалың.
Өт-уын қызғаныштың жұтқан адам
қалуы мүмкін емес жұттан аман,
зәр кеулеп көкірегін солар сонда
қураған қу сүйектей жұртта қалған.
Қызғаныш – менмендіктің төл баласы,
менмендік – теңіз, жұтпа сор жағасы.
Жақсыны көре алмайды кердең адам –
өлтіріп тынады оны өз жарасы.
Азапқа салма бекер шыбын жанды,
ұмтыл тек ақ тілекпен ғұмырға алғы.
Бір қалқан тапсам деймін
қызғаныштан
сақтайтын мейірімнің нұрын мәңгі.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғаныштың қалқаны өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қызғаныштың қалқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғаныштың қалқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғаныштың қалқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері