З.Н. Гиппиусқа – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «З.Н. Гиппиусқа» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 912
Түнек жылда туғанның ер жеткені
жол таба алмас,
қасірет шексе де елі.
Біз, азапты жылдардың перзенттері,
естен шығара алмаймыз ештеңені.
Бүл заманда ессіздік жүр жалғанда,
енді үміттің түсер ме нұры бізге...
Соғыстан ба, ерікті жылдардан ба –
қанды сәуле қалыпты жүзімізде.
Дауыл екпін мылқау ғып тығындады
аузымызды,
тарылды тыныс, дем де.
Ал журекте - біткен бе бүгін әні –
ештеңе жок, әшейін қуыс кеуде...
Мейлі, біздер өлгенде,
одан әрі
қарқылдасын қарғалар тұрып алып...
Көретіндер бар әлі, болады әлі
сенің патшалығыңның нұрын жарық!
***
Сен көрікті ең, шын еді ұнатқаным,
Кінәлама кеттің деп көңіл бөлмей.
Шырқап цыган әніндей, жырақтадым
оралмас со күндердей.
Сүйген жүрек ұмытқан өрт дегенді,
Алдым — соқпақ, сол ғана есімдегі.
Өшпес сәттер болды ғой...
Өткен енді
Келмейді... кешір мені!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

З.Н. Гиппиусқа өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

З.Н. Гиппиусқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

З.Н. Гиппиусқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

З.Н. Гиппиусқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері