Қарлы өрнек – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарлы өрнек» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1052
(аударма)

Қарлы түнек жол
қашанда,
көрінбейді өзге мүсін.
Әзір таныс болмасаң да,
сен - жырымның өрнегісің.
Қардан тінін келеді ескім
сол өрнектің күнде, түнде.
Бірақ жалғыз сен емессің
мені құшқан бұл көпірде.
Теңіз — мылқау, шашуда мұң,
Көпір маңы — қымбат жарық.
Жатыр бүгін ашулы ағын
мұз-шынжырмен құндақталып.
Тұрсың қабақ ашпай,
мұңмен
үнсіз қарап кешке, шамға.
Саған есік ашпаймын мен,
Ашпаймын!
Жоқ!
Ешқашанда!
Ұшқан қарға біз де ілесіп
қалықтаймыз шың-құздарда.
Ғашық көңіл мұңды кешіп,
қадаласың жұлдыздарға.
Асса шана алысқа, алға,
Табатындай көңіл де емін.
Көздеріміз табысқанда,
асығады ерінге ерін.
Үмітсіз түн серігімін,
қандай пенде ұқсын мұны...
Естілмейді демің, үнің –
жұтты түннің түпсіз мұңы.
Жылытпаса да мені нұрың,
күміс қарлы қыстың жыры,
жатқа айтамын сені бүгін!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлы өрнек өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қарлы өрнек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлы өрнек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлы өрнек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері