Дауыл құшағында – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дауыл құшағында» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1391
(аударма)

Қарлы боран әндетті,
қар инелер түйреді.
Денем мұздап, жан кетті
сені құшып сүйгелі.
Өптірдің де ерніңнен
«Қара,— дедің күлімдеп, -
ұмытқанша сен мүлдем
сүйгеніңді бүгін», - деп.
Осыны айтып нұсқадың
шексіз қарлы даланы.
Аяз шашып жанарың
тоңазытып барады.
Екеумізді бір екпін
лақтырды бір құрдымға,
ұшқын шашып түнек түн,
қар да билеп жүр мұнда.
Отты ұшқынмен жарысып
жапалақ қар самғады.
Көңіл көкпен табысып,
арман түнді жалғады.
Мені бірақ тұр басып
көк аспанның салмағы.
Суылдайды қар ұлып,
шыдар ма аспан бұл сынға,
жұлдыз біткен ағылып
құлап жатыр тылсымға.
Жарқ етіп нұр жанарың
көк аспаннан қарадың -
ұмыт болып нұрлы елім
шуағыңмен жанамын.
Өтті сосын сан жылдар
құлазытқан, мұң басқан.
Шарпып талай таңғы ызғар,
шаттықты алды түнгі аспан.
Менен алыс жүр бірақ
мендік жалғыз жалын күн,
ызғар төгіп, бұлдырап
жүрсе де оны сағындым.
Қыраулы бұл шақтарда
нұр сәулеңді шаш, таңым!
Таяғын жат жақтарға
лақтыр өлі патшаның!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл құшағында өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дауыл құшағында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл құшағында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл құшағында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері