Жоғал – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жоғал» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1301
(аударма)

Есік ашты тағы да
шуақты күн,
шашты тағы жаныма
қуат нұрын.
Келеңкені жүректен
қуып тағы,
тіл қатады, тым еппен
жуықтады:
«Кімсің өзің, кім едің?
Қалғымағын!
Неге құрып жігерің
қалжырадың?
Тұр үйқыдан, серпіл де!
Сағындырған
көңіл құсы - еркіңде,
арыл мұңнан!
Жақ шабыттың, мұндар жан,
шамын тағы —
ісің ғана мұңдардан
арылтады!»
- Сендер кімсің? Қоршауға
орадыңдар.
Жұмақ кызы болсаң да,
жоғалыңдар!
Күзетші түн, қақпаны
аштың неге?
Босағамды таптады
бассыз неме!
Мұңды үйімде жан, арман
күйімді алған
хор қызы бар жаралған
құйындардан.
Жанында мен — ноқталы
құз қыраны,
жақындасам, от тәні
мұз қылады,
жүрегінің шоқтары
шыжғырады.
Арнап соған жалынын
ашты менің жүрегім
құпиясын жанының,
жанарының түнегін.
Жоғалыңдар қасымнан,
періштелер топталған!
Тағыларды жасырған
жұмақты бақ оттардан.
Қанатыңмен дем берме,
айналдырма басымды,
мен ермеймін сендерге
әкелсең де асылды!
Төсегімде мұз қатқан
қос қылыш бар таңбалы –
шын белгісі бұл жатқан
қараң күннің алдағы.
Жаным шуақ арайлы
екі сәуле шашса нәр –
оттай лаулап қарайды
ашу толы қос жанар!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғал өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жоғал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері