Бұлыңғыр елестер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бұлыңғыр елестер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1072
(аударма)

- Қарашы, құрбым, періштең жырақ
шырқады!
- Қарашы, жігіт, жүйрік-ау уақыт
тұлпары!
Осылай деді бір перде,
(екіншісі оны тыңдайды)
зымиян, залым күлкі - өңде,
даусы бірак сырнайлы.
- Қарашы мына жігітті
анау бір қызға үңілген.
(жігіттің көзі үмітті
тіл қатып қызға жүгінген!)
Пердеге перде сыбырлап
ұялтты балғын аруды.
Үй іші — елес, түн, ырғақ,
терезе түгел жабулы.
Ойланып, айтар сыр бардай
шығарды перде ақыры үн
(ұйқыдан кенет тұрғандай):
- Күлімде маған, батырым!
Семсерге батыр сүйеніп
ғажап бір сырлар шертеді.
Баурап ап жанын ертегі
перделі сұлу елітеді.
Шақырды биге күмбірлі үн –
Іздесті көзбен бір-бірін.
Ақ тамақ, албырт, асқақ өң!
Еске сап жүзі қыр гүлін,
Тағы да биге! Басқамен!
Іздейді көзбен бір-бірін.
Нұр шашып тұрды гүл ірең,
сөнгенде маңда бар жарық.
Бір нәзік сәуле жібімен
қос жүрек қалды жалғанып.
Есінен танып түр жігіт
не істерге білмей абдырап.
Жырақта сәуле - мұңды үміт,
жүректе түк жоқ ал бірақ.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлыңғыр елестер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бұлыңғыр елестер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлыңғыр елестер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлыңғыр елестер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері