Мұнда және онда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұнда және онда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1157
(аударма)

Қуғынға шықты шарқ ұрып, -
жатпайды тыныш жел неге –
сілесі қатты алқынып
жете алмай қара пердеге.
Ызадан сосын жарылып
шананы көмді қарменен.
Тұманның тонын жамылып
мұнара салып сәндеген.
Қуады бәрін қағынып,
секем ап көңілі әрнеден.
Даланы кезді сандалып,
долы жел неткен кекті еді.
Ұшқындар жүрді шам жағып
түнекке сәуле сепкелі.
Келеді жел де қарманып –
пердеге бірақ жетпеді,
Түсірді жұлып ақ бұлтты
талдырып жерге тепкелі.
Көгілдір түнек тылсымда
екі елес қана көрінген,
байланып жіпсіз бір сырға,
ісі жоқ басқа өмірмен.
Билеп жүр екеу перделі,
кірпіктер көзден от күреп –
ғашық боп қалған қос жүрек.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнда және онда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мұнда және онда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнда және онда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнда және онда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері