Дауыл - менің жүрегімнің аңсары – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дауыл - менің жүрегімнің аңсары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1172
(аударма)

Сұқ найзаны, төк терді –
шықсын естен күлкі де!
Самға, түнек от демді,
қар шапанды сілкіле!
Өлтір мені, айбаттан,
жақындатпа таңды алғы,
Мен де бір кез жайратқам
жанға жақын жандарды.
Сүйгендерді жат қылдым,
ұмыт бәрі бүгінде.
Жүрегімді лақтырдым –
жатыр тылсым түбінде.
Найза жанар, қадал да
түйре, есімнең танайын.
Өрте мені алауға –
өз еркіммен жанайын!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл - менің жүрегімнің аңсары өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дауыл - менің жүрегімнің аңсары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл - менің жүрегімнің аңсары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл - менің жүрегімнің аңсары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері