Фаина – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Фаина» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1636
Сен келдің де, көркіңменен
бар сұлуды тасаладың.
Мен өртендім, толқып денем,
оны немен баса аламын?
Балқып аяз, нұрдай қарға
алау жүзің тұр гүл атып.
Тек ат шана зулайды алға
қоңырауын сыңғыратып.
Сені аймалап қыстың демі,
мен құша алмай торығамын.
Жаннат ішік үстіңдегі,
ашып қойдың омырауын.
Сендегі албырт еркіндікті
аңсағандай жел жылайды.
Көркің жаулап кең тірлікті
қызғанғандай жер мұңайды.
Кең даланың ақ құндағы,
от жанарың жалқыдайын.
Мейлі алдасын сәттің бәрі –
сол жанарға шарпылайын!
Бәрі өтер деп таң шағыңның
жел де мейлі қарды үрлесін,
нәзіктігін саусағыңның
менен өзге жан білмесін!
Баурап өзің, самал, дала
қиялымнан күй ақтардым:
кең дала мен маған ғана
пердеңді ашқан сияқтандың.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фаина өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Фаина өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фаина өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фаина өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері