Ұйқысыз түндер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұйқысыз түндер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2355
(аударма)

Болды ма ұйқы сонау бір сызды, қарлы
Арпалысқан ұрыстар даласында.
Ұйқы деуге бола ма мызғығанды
Өлім менен өмірдің арасында!
Ажал менен соғыстың соқпағында
Өмір, өлім жатқанда жұлқыласып.
Ұйқы қалды көміліп от жалынға,
Кетті адамнан әзіл мен күлкі қашып.
Ол күндердің азабы жанға батқан
Әлем тұрды дірілдеп құз-өткелде.
Ұйқы көрмей қас қағым таңдар атқан
Бас штабта, окопта, күзеттерде.
Кірпік ілмей өтумен күн-түндері,
Қорғады елін советтің солдаттары.
Сол ұйқысыз түндерсіз мүмкін бе еді
Елімізге бейбіт күн орнатпағы.
Мазасыздық қалыпты жүрегімде,
Әлі ұйқысыз өтеді түн дегенің.
Ендеше мен тағы да бұл өмірде
Тектен-текке жер басып жүрмегенім.

МИХАИЛ ЛЬВОВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысыз түндер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысыз түндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысыз түндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысыз түндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері