Күнбағыс туралы баллада – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Күнбағыс туралы баллада» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1389
(аударма)

Күнбағыстың бір кезде
қол-аяғы болыпты,
денесі де толық-ты;
жалаңаяқ жарысатын желменен,
суға түсіп, құмға аунап,
торғайды да мерлеген,
талайларын құлатқан;
алмұрт көрсе, ол ойынды қойды да,
«шірігі» деп сүңгітетін қойнына.
Бір аяқпен секіретін
су ақсын деп дүңгірлеген құлақтан.
Күнді шалды кенет оның жанары,
аузын ашып қарады:
алтын шашы бұйраланып, шыққан Күн
сары көйлегі желбіреп
арасында аспандағы бұлттардың
велосипед мініп зулап барады!
Есі шықты.
Керемет боп көрінді Күн жас ұлға:
- Ей, ағатай, берші - мен де тебейін!
Тым болмаса, отырайын қасыңда?!
Ағатай-ау, сен де қызғанасың ба?
...Поэзия, алтын Күнім, ән қылык,
Сен баураған әлеміңнен таң күліп
қанша жастың кеудесінде жанды үміт!
Құпияңа талпынады әр бала
күнбағыс боп қалу үшін мәңгілік!

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнбағыс туралы баллада өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Күнбағыс туралы баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнбағыс туралы баллада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнбағыс туралы баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері