Махаббат-нұрмен аңсап тым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Махаббат-нұрмен аңсап тым» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1227
(аударма)

Махаббат-нұрмен аңсап тым
арнадың өлмес маған ән.
Екеуміз кешкен бал шақтың
қайталанғанын қаламан.
Жоғалмайды ол сәт тоңсақ та,
ауыстырмаймыз жаңаға,
оралсақ - заңды - ол шаққа,
жаңарады ғой дала да.
Жаңару - заңды барда арман,
тұралау - жанға бір уайым.
Шеңберден шықпай қалғаннан
сақтасын мені құдайым.
Көше алмай қалған баладай
қайталап бәрін жатпаймын.
Сүйіскен сәттер - таң арай,
сезімді қалай жаттаймын.
Екеуміз кешкен жан нұрын
жоғалтармын ба, солар ма!
Болған-ды... Сезім бар бүгін,
махаббат бізде көп алда!

РИММА КАЗАКОВА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат-нұрмен аңсап тым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Махаббат-нұрмен аңсап тым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат-нұрмен аңсап тым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат-нұрмен аңсап тым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері