Ақынға – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақынға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1262
(аударма)

Үнсіздік даласында,
азап пен тұнған шерге
шаң, тозаң арасында
гүлдейді жырлар сенде.
Күн қашып, төнді кешің
күй тарап қолдарыңнан,
жыр-ұрпақ өргізесің
екпіні орда бұзған.
Жиде, өрік тамып-тұнған
жұмақ па жүрген елің?
Жоқ, нағыз барып тұрған
дозақ бұл жыр дегенің.
Жармасып күнде кілең
жауларың жатыр қайнап.
Солардың үргенінен
қажиды ақын-қайрат.
Өсекті мыңдап әлі
сен жайлы таратады.
Жағады кір-жаланы
шығарып жаңа тағы.
Солардың қойшы бәрін,
налисың күйіп несін!
Жасайды ойшыл әнің,
сен әр кез биіктесің!
От жалап қалсын, жанып,
ойлама есер жайды –
бәрібір балшық жағып
басыңды кесе алмайды.
Бықсысын сорлы жүрген
ұясы сан жаланың.
Сен болсаң әр жырыңмен
жылан ғып арба бәрін.
Жағасын жұлып жердей
аш бөрі қақсар әлі,
Тек саған ғұмыр бергей,
бар сенде басқалары.
Қорқаулар қашан қалды
жасқамай дарын үнін?
Бәрібір жасар мәңгі
өзіңнің жалын-жырың.
Бәрібір шабытты ұрған
жау тозып, озады жыр.
Жыр жазу - барып тұрған
жұмақтың дозағы бұл.
Білмепті-ау заты ардақтым
Дантедей ғажап дарын
талант пен махабаттың
қанында азап барын.
Ол азап - ғұмыр жанға,
шалқысын шабыт селі.
Найзағай жырың барда,
сүйеді халық сені.
Тамырды жайдың жерге
мәңгілік Күні күлген.
Сен барда баймын мен де,
сен барда тірімін мен!

АЛЛА ТЕР-АКОПЯН


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынға өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері