Ажал алдындағы хат – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ажал алдындағы хат» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1602
(аударма)

Міне, ақын
Сұлтанның
сиясына мала беріп қаламын
өліп кетті — мәңгі жұмды жанарын,
сол ақынның семсер сөзі күштілерді қарыған,
мыс тиын мен былай жазған хат табылды жанынан:
«Тақсыр Сұлтан!
Мен тілімді жұтқанмын,
асқақ жырым ұмытылды, төмендеді күрт халім.
Сенің тұйғын тазыларыңның атымен,
сен не десең, бас иетін қазыларыңның атымен,
ән салғандай кісінесетін тұлпарларыңның атымен,
тотыларды түтіп жейтін сұңқарларыңның атымен
ант етемін алдыңда:
сенің топас болмысыңды баяғыда-ақ білгенім,
сені өңшең ақымақтар көсем етіп жүргенін,
өз басыңды қамшылаумен елдің қамын ұмытып,
жеріміздің байлығымен жемсауыңды жылытып
жүрген даңғой екеніңді айтқаным жоқ ешкімге!
Айналаңда жүргендердің бәрі ақымақ екенін,
тек солардың қолыменен ойлыларды төпедің,
жаныңдағы жарамсақтың біреуін не өзіңді
айтқан болсам жебеп семсер сөзімді,
шабарманың ойып алсын көзімді...»

МУИН БСИСУ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажал алдындағы хат өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ажал алдындағы хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажал алдындағы хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ажал алдындағы хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері