Әйел мен еркек – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әйел мен еркек» атты Фариза Оңғарсынова жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1585
(аударма)

- Бұл кім болды екен?
- Еркек пен әйел.
Тирео де Мулина

Егер олар көшеде
бара жатса,
жүздерінен бақыттың нұры атылып,
еш жүректен шықпаған жыр атылып,
тек екеуі бардай бой жүрсе әлемде,
шулы көше қалады бұ да тынып.
Кетеді сосын ән болып аспан-әлем,
қу бұтадан тұрғандай гүл атылып.
Иесіз үй де көрінер жалт-жұлт етіп,
бос тұратын қаңырап мұңға тұнып.
Егер олар көшеде еркін самғап
үнсіз ұғып бір-бірін бара жатса,
өсекші де, кезбе де, кемпір-шал да
жалт бұрылып сүйсіне қарамас па!
Шарасы жоқ ешкімнің бұл заманда
мына мөлдір сезімге қарамасқа.
Өйткені бұл - махаббат,
аһ ұрғызып біреуді күрсіндірген,
(мен де сол бір қайғыдан үнсіз жүрем).
Көлгірсіген сайқал бір сезімділер -
адам емес хайуан - құнсыз кілең.
Ол екеуін көргенде:
бұлтты аспанды нүр-шапақ торлады да,
аяқ басты дүние оң жағына.

РОБЕРТО ФЕРНАНДЕС РЕТАМАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел мен еркек өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әйел мен еркек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел мен еркек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел мен еркек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері