Мадрид – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мадрид» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1476
(аударма)

Шалқайып асқақ тұрушы ең
теңізден шыққан батырдай,
Не болып кеттің бүгін сен?
Танымай қалам апырмай,
Жақын кеп саған үңілсем.
Кезенген қару-жарағын
ермегі болдың жауыздың.
Малынып қанға балағың,
Көзіңнен жасты ағыздың.
Жаралы қалпың қансырап,
Қорғандың таспен, темірмен.
Денеңнен қан, тер тамшылап
Жүгірдің алға шегінбей.
Үнімен асау тасқынның
ұмтылдың алға алқынып,
көшеде зарлы үн, жас, қырғын.
Көзіңде тұрды қан тұнып.
Сатқындар жатқан қақпаның
қираттың бәрін балта алып.
Ешкімді бірақ таппадың,
жоқ болды мұнда жан, халық.
Байқадың таңның атқанын...
Күлкіңнен тұрды қан тамып.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мадрид өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мадрид өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мадрид өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мадрид өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері