Тәуелсізбіз қазір біз – Ажар Заманғазинова

Бұл бетте «Тәуелсізбіз қазір біз» атты Ажар Заманғазинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ойлай келе қанаттары қайырылған,
Бостандық алып, серпілді елім қайғыдан.
Төгілген тер, қан менен жер, сазды ән,
Азаттықта уайымынан айрылған.

Көп адамның есе, кегі қаншама,
Ойлар келер алтай басып арқадан.
Тәуелсіздік - ұлы арман едің ғой...
Талай түндер ұйқы көрмей шаршаған.

Елімде менің - мұң мен шаттық бір жүрген,
Сол жылдардың алдамшысын кім білген?
Желтоқсанда азап шеккен жастардың,
Тамған қанына өсті міне гүл бірден!

Ата-бабам күрескен елі үшін,
Төленбес, құны өтелмес ерлік істің.
Алға - деген ұранмен алға тартқан,
Майдандағы аққан қан, жұмсалған сенің күшің.

Ал енді біз болашақ тарланымыз,
Үміттері, тіректері, арманымыз.
Аянбай-ақ қорғап қалған жерімізді,
Соғыстағы ардагерлер ардағымыз.

Қазіргі мен болашақ жалғанғанда,
Патриоттық сезім ұшқыр адамдарда.
Мына байтақ тәуелсіз елде өскен,
Мына біздер, жастарда арман барма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсізбіз қазір біз өлеңінің авторы кім?

Ажар Заманғазинова — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсізбіз қазір біз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсізбіз қазір біз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ажар Заманғазинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсізбіз қазір біз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар