Махаббат – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Махаббат» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2556
(аударма)

Махаббат жас шақтағы
күдік пен мұңга толған.
Бір сүйсе асқақтады,
қырандай шыңға қонған.
Түн. Толқын ағылысқан...
Сол көктем нендей бөлек!
Жүрегің алып ұшқан
келе ме, келмей ме деп.
Мазасыз көктеменің
келгенде бал түндері,
Көзден жас төккен едім.
Бұл - қайғы әркімдегі.
Оңаша мұңға батқан
жастықтың көктемдері.
Бұлақтай құздан аққан
қиялдың өткелдері.
Сүйіктім келмегенде
аспанды тұман басып,
жер таппай сенделерге
жан жүрек тұрар жасып.
Дүние дүсірледі
жерге аспан құлағандай.
Қайғыны ішіңдегі
тұрасың шығара алмай.
Қараса ол атыңды айтып,
қонғандай қолға бақыт.
Жүрек ас батырмай түк,
толқисың ойға батып.
Жастықтың армандары
қиялмен қанаттанған.
Бар нәрсе жалғандағы
таңдантып тағатты алған.
Бұл әлем саған ғана
күлімдеп қарайтындай.
Шаттық ән бар арнаға
бүкпесіз тарайтындай.
Қара орман сырын ашып,
сенімен мұңдасқандай.
Ағаштар сыбырласып
сөйлескен құрдастардай.
Дүние барлығын да
бөліскен өзіңменен.
Сырласқан шалғының да
түнімен көз ілмеген.
Назыңды бердің желге,
ең алғаш ұнатқаным!
Сандалып мен жүргенде,
жоламай жырақтадың.
Еліктей дірілдеген
бар бейнең көңілімде,
Жұлдыз ең күлімдеген
аспанның өңірінде.
Дір еткен таңдағы үннен
көктемгі гүл бақша едің.
Сүйгізе алмадым мен,
әлде онда тым жас па едім?!

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері