Сұрақ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сұрақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2186
(аударма)

Адам қанша сүреді өмір, білдің бе?
Бір тәулік пе, мың күн бе?
Бір апта ма, әлде тұтас бір ғасыр ма?
Өлу деген оралмау ма шын мүлде?
Осы ойлармен таусылды да шыдамым,
Діндарлардан сұрадым:
мен келгенде сыйынып боп құдайға,
жағып жатты мешіттегі шырағын.
Сұрақтарды жаудырып ем соларға,
сасып қалды. Мұндай ғажап болар ма!
Менен артық білмейді екен ештеңе –
өйткені ылғи әкімдер ғой олар да.
Көп нәрсені дәрігер білер дегесін
алайын деп кеңесін,
қабылдауға келіп жеттім асығыс,
осындайда жоқ нәрсеге сенесің.
Медицина сан ауруды тауыпты,
құртыпты оның көпшілігін, жауыпты.
Бірақ аз-мұз қалғанының өздері
құртылғанның мыңынан да қауіпті.
Мен бұл сөзден соншалықты қорықтым,
Қорықтым да молашыға жолықтым.
Молашылар көміп жатыр әркімді:
құдайынан сұрап алған жалқы ұлды;
әкімдердің ұсқыны жоқ денесін
әлпештейді жақұтқа орап әр түрлі.
Қарап тұрдым бос кездерін бақылап,
Байқадым да сұрақ қойдым батыл-ақ.
«Қойғаны несі қайдағы жоқ сұрақты,
Өртеу керек өзін, неткен ақымақ!
Мұндай сұрақ қойғаннанша, жігітім,
Жайраң қағар күні-түн
бір сұлуды таңдап жүріп алсаңшы,
Сонда өмірге арта түсер үмітің».
Олар солай мазақтады, жерледі,
Мені, тіпті, тыңдағысы келмеді.
Молашылар ең көңілді халық қой,
оларға өмір, өлім бірдей жердегі.
Көңілі жай жүреді олар ән салып,
Көр қазады, арақ ішіп тамсанып.
Ешкімнен де дұрыс жауап таппадым,
Шаршап қайттым сол сапардан қаншалық!
Сүйтіп талай жанға бардым сұрақпен,
Сыр ашыстым теңізбен де бұлақпен.
Содан бері ешбір сұрақ қоймадым,
Әлі ештеңе түсінгем жоқ бірақ мен.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сұрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері