Мұра – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұра» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2000
(аударма)

Бұл табиғат берген менің еліме:
мұхиттардың шалқарлығын,
шыңдардың асқақтығын,
сөнбейтін мақсат нұрын,
көңілдердің дарқандығын,
еркіндікке жандардың құштарлығын;
бірақ қанша жазықсыз қан төгілді
жолында, ұқсаң, мұның...
Қара тұман түнекте
қанды өзендер құйылғанда іргеден,
шықпай койды біздің жерде Күн деген.
Қанымызбен, жанымызбен біз мына
қансыраған аяулы атамекенді
алып шықтық түрмеден.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұра өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мұра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері