Сағыныш гимні – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сағыныш гимні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2046
(аударма)

Сүйікті Отан!
Мен қаныммен, жаныммен
аңсап келдім, құшағыңды аш маған!
Мендей ұлға бақыт табу бұйырмаған басқадан.
Жүрегімде сағыныштың өксігі мен жырым бар –
естисің бе?
Саған айтар назым да бар, мұңым бар...
Еркелетші, аймалашы, мен бір сәби жас балаң!
Сенен жырак кетіп ем мен, құндағым,
Жер шарының өзім сыңды көрейін деп ұлдарын,
үміт сөнген жүректерге нұр беріп,
жараланған батырларға гүл беріп,
сенің жарық жұлдызың боп
нұр шашсын деп жырларым.
Бүгін сенің құшағыңда
рақаттан бір балқығым келеді.
Түн-сұлудың жұлдызды аспан-желегі
азаптаған ойларымды ұмыт қып
ләззаттан тұншықтыршы -
жаныма сол керегі!
Сағындым ғой мен сені!
Аш беліңнен есім танып
құшақтасам деп едім,
қатыгездеу қарамашы, аймалашы
мені, елім.
Толқындарың көп сүйіскен құздарыңа шықсам-ау,
саған деген басылмайтын құмарымды ұқсаң-ау.
Есімді алған құштарлықты қалай,
немен жеңемін?
Шыңдарыңа шығып алып көзім салсам айнала:
ақ бидайға бас изескен жай ғана,
толқын атқан теңізіңе, далаңа –
соның бәрі нұр құяр еді санама.
Сенің осы қайталанбас көркіңнен
қуат алып,
шатқалдардан адастырмас жол тілгем.
Туған Отан! Тұр сені
жауынгердей өр толқындар өңгеріп,
қыран құсың аспаныңда шарықтайды -
онда ерік.
Шарықтайды жердегіні бостандыққа шақырып,
еркіндікке қызыға алмас
түйсігі жоқ мақұлық.
Туған Отан!
Мынау соқыр кеңістікте үміт отын сөндірме,
үміт оты адамдардың тағдырымен ол бірге.
Тағдыр оты - үміт оты,
ол оп-оңай келмейді,
жер еншісі - қасіреттен қайыссаң да
сен мейлі,
сол ұшқынды –
үміт отын өшірме!
Өр дауыспен дабыл қағып, қос үнге!
Аялай бер сәулеңменен, Күн нұрлы,
ұйқыдағы Америка құрылығының төсінде
бүршік атып келе жатқан бір гүлді.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш гимні өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш гимні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш гимні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш гимні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері