Үміт туралы ода – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Үміт туралы ода» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1167
(аударма)

Тұрмын жалғыз жағада
ымырт кезде.
Шарықтайды далаға
үміт-кезбе.
Толқын ұқсас
желпінген
жүзімдікке;
аспан жалғыз,
кемпірдей
қызын күткен,
мынау теңіз, аспан да,
кеңістік те,
сонау қоңыр тастар да,
егістік те,
дәу толқын да жамылған
ақ шәліні,
бүршігінен жарылған
бақша гүлі,
батар күннің солғындау
сәулесі де,
маужыраған торғын бау,
ән кеші де,
теңіз, құстар -
көңілді үн,
құйғыт кәні,
бәрі осының - өмірдің
сыйлықтары -
толтырады жанымды,
қуантады,
туғызардай жалынды
бір ән тағы.
Күресте де, күнде біз
барда үміттер
сумен ылғи біргеміз
мәңгілікке.
Толқын
жаға - жарлыны
жұбатады:
«Үмітіңнің барлығы –
гүл атады».

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт туралы ода өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Үміт туралы ода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт туралы ода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт туралы ода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері